RU
Шымкенттік дәрігерлер уақытынан бұрын туылған 800 граммдық сәбиді аман алып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік дәрігерлер уақытынан бұрын туылған 800 граммдық сәбиді аман алып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік дәрігерлер уақытынан бұрын туылған, салмағы бар-жоғы 800 граммдық сәбиді аман алып қалды деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Жүкті келіншек ауыр жағдайда қалалық перинаталды орталыққа бірінші ақпан күні жеткізілген. Оны бірден жансақтау бөлісіне жіберген.

Сәбиді аман алып қалу мақсатында кесарево жасау шешімі қабылданды. Нәтижесінде алты айлық қыз бала дүниеге келді.

Жаңа тауылған нәрестені де бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Баланың тыныс алуында қиындық туған. Дәрігерлер оны сәбидің уақытынан ерте туылғаныдығымен түсіндіріп отыр. Оны жасанды тыныс алу аппаратына қосып қойған.

Шымкенттегі перинаталды орталықтың дәрігерлері екі ай бойы кішкентай қыздың денсаулығын бақылауда ұстады. Медицина қызметкерлерінің арқасында оның жағдайы жақсарып, салмағы 1820 граммға жеткен. Нәресте өздігінен тыныс ала бастағандықтан ғана оны анасының қасына ауыстырған.

Қазіргі таңда, анасы мен баласы үйіне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel