RU
Бармақов ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің басшысы болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бармақов ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің басшысы болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне жаңа басшы тағайындалды. Лауазымды қызметке Сайранбек Бармақов келген деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Сайранбек Бармақов 1963 ж. Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы — инженер-механик.

Еңбек жолын 1986 ж. Талдықорға облысында Бөрлітөбе аудандық автомобиль жолдары мекемесінде желілік механик, бас инженер болып бастады.

1991 жылдан 2006 ж. аралығында Қапал ПДУ басшысы, «Талдықорған жолдары» АҚ бастығының орынбасары, «ДЭУ-25» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2006 жылдан 2008 ж. аралығында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлім бастығының м.а., бөлім және басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2013 ж. — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің директоры.

2013 ж. — «Щучинск санаторийі» АҚ бас директорының орынбасары.

2014 ж. «Қазавтожол» РМК бас директорының орынбасары болды.

2014 жылдан 2015 ж. аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары м.а. болып қызмет етті.

2015 жылдан 2019 ж. — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары.  

2019 ж. ақпан айынан бастап қазірге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының орынбасары болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel