RU
Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенконың дебаты қалай өтпек?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенконың дебаты қалай өтпек?

Рассказать Вконтакте

Украинадағы сайлау: бүгін киевтік "Олимпийский" стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко мен үміткер Владимир Зеленскийдің арасында дебат өтпек деп хабарлайды «Украинская правдаға» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: uanova.net

Фото: uanova.net

Анықталғандай, болып өтпек кездесудің регламентік басылымға сенімді дереккөз мәлімдеген.

Дебатқа келгендерді әртістер қарсы алатын болды. Әрбір үміткерден үш адамнан болмақ.

Дебаттардың өзі кандидаттардың сөзінен басталады. Олардың әрқайсына бес минут берілмек.

Артынан спикерлер модераторлар қойған үш сұраққа жауап беретін болады. Кейін өздері де сұрақ қоя алады. Сұрақ қоюға бір минут берілсе, жауап беруге бес минут уақыт тағайындалған.

Дебатты екі адам жүргізеді. Порошенок тарапынан "Громадское радио" басқармасының төрағасы мен құрылтайшы Андрей Куликов шығады. Зеленскийдің атынан ICTV телеарнасының ақпараттық қызметінің басшысы Елена Фроляк жүргізбек.

Айта кетейік, Зеленский мен Порошенконың дебатына билеттердің барлығы сатылып кетті.

Шоумен украиналықтардың сенім рейтингісінде көш бастап тұр.

Екінші кезең 21 сәуір күні басталмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel