RU
Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенконың дебаты қалай өтті?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенконың дебаты қалай өтті?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Киевтің "Олимпийский" стадионында Петр Порошенко мен Владимир Зеленскийдің дебаты өтті. Саяси іс-шара кезінде қазіргі президент пен үміткер ел болашағына қатысты өзіндік жоспарларымен бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото twitter.com/romromaniuk

Фото twitter.com/romromaniuk

Порошенко өз кезегінде, оның қарсыластары соңғы бес жылдықта істелген жұмысты көргісі келмейтінін айтты. Өзінің алдағы уақытқа басты мақсаты ретінде ол Крымды мемлекет құрамына қайтару екенін жеткізді.

"Украина жасасын", - деп қайырды ол.

Зеленский импичмент туралы заңды жасақтап, депутаттардың қол сұғылмаушылығын түсіретінін алға тартты. Оған қоса, ол дәрігерлердің айлығын көтеріп, тез арада соғысты аяқтауға сөз берді.

Жүргізушілер кандидаттарға соңғы сөз үшін бір миніт уақыт берді.

"Мемлекетті Путин мен Коломойскийге бермейміз! Президент сайлауында мемлекет тағдырымен ойнауға болмайды" , - деп айқайға салды Порошенок.
"Сіз олигархтардың жетелеуіндесіз. Олардың арасында қашып кеткендер де бар" , - деді Порошенко қарсыласына. Оған қоса, президент Зеленскийді 2018 жылдағы табысы жөнінде есеп өткізбегенін айтты.

Порошенко Зеленскийдің тек "айыптаулардан" басқа ешқандай стратегияны ұсынбағанын жеткізді: "Сіз бұрынғы өмірмен күн кешіп жүрсіз".

"Неге сіз бәрін өзіңізге жаздыртып алдыңыз?" , - деп сұрады Зеленсикй. Ол ЕО-дағы визасыз жүру, украин тілі мен Томос жайлы айтты.

Кандидаттар соңғы сөздерін сөйлейді. Бірінші болып, тағы да Зеленский шықты.

Қарсыластардың арасында қысқаша сауалнама кезеңі басталды. Олар қойылған сұраққа иә немесе жоқ деп жауап беру керек.

Зеленский - Порошенкоға: "Сіз мені кәмпиттің қабы дедіңіз. Мен сіздің қаптарды жақсы білетіңізден хабардармын" .

Коломойский жөнінде Зеленский оны телеарнамен келісімшарт байланыстыратынын айтты. Оған қоса, ол Порошенконың санаулы жылда қалай депутаттан олигарх болып кеткенін сұрады.

"Мен өз туғандарынан айырылған әрбір ананың, баланың және әйелдің алдында тізе бүгуге дайынмын. Сізді де шақырамын. Көрдіңіз бе Петр Алексеевич адам болу аса қиын емес" , деді шоумен.

Зеленский өзінің Путиннің алдында тізе бүгуге дайын екені жөнінде түсіндіріп өтті.

"Бұл сөздер менің толық мәлімдемемнен қиылып алынған. Мен Украинаны тізерлетпес үшін, өзім тізеге отыруға дайын екенімді айтқанмын" , - деп түсіндірді Зеленский.
Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Порошенко өз қарсыласын "жақсы актер және мүмкін жақсы адам" деп атап, артынан оны бар болғаны "кәмпиттің қабы" деп қайырды.

Үміткерге жауап ретінде Порошенко "5 каналды" "шынайы жаңалықтардың" арнасы деп атап, Зеленскиймен байланысы бар болуы мүмкін олигарх Коломойский мемлекеттің миллиардтаған долларын жымқырғанын алға тартты.

Зеленский өзін Порошенкоға тиесілі "5 каналға" жұмысқа шақырғанын жайып салды. Алайда, әзілкеш бұл ұсыныстан "еркін адам" болғысы келгендіктен бас тартқан. Сонымен қатар, Владимир Зеленский президенттен істеген қылмысы үшін қалай жауап беретінін сұрады.

Шоумен өзінің тек бір мерзімге сайланатынын айтып, бес жылдан кейін Украина басшылығына басқа президенттің келетінін жеткізді..

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Зеленский "нақты" жауап беру туралы өтінішке шүйлікті. Ол өзінің "прокурордың алдында" емес екенін түсіндіріп, Порошенконың "ол жерде болып қалуы ғажап еместігін" айтып өтті.

Порошенко қарсыласынан Украинаны бес жылдан кейін қандай кейіпте көретінін нақты айтуын сұрады.

"Владимирдің айтқан әрбір сөзі - жалған" , - деді Порошенко.

Зеленский Порошенкодан белсенділермен қарым-қатынасы жөнінде сұрады. Сонымен қатар, ол президент фабрикаларының өндіріс не себепті әлі Мәскеуде сатылып жатқанын білмек болды.

"Сіз соғысты қалай аяқтау керек деп отырсыз ба? Бұл сұрақ тікелей сізге қатысты" , - деді шоумен.

Зеленский Порошенконы өзін келіссөзден қашып жүргенін айтқаны үшін өтірікші деп айыптады. Оған қоса, үміткер ешқашан Путинмен көрісіп-тілдеспегенін жеткізды.

Порошенко Зеленскийге сұрақ қойып жатыр. Ол өз қарсыласының саясы тәжірибесі жоқ екенін бетіне басты: "Біздің мемлекетті күлкі етпеңіз".

"Ал сіз Украинаны өз қызығушылығыңыз үшін Украинаны жезөкше етіп көрсетпек болдыңыз" , - деді Порошенко.

Порошенко 2014 жылы Украинаны әбден қажыған кезінде қабылдағанын айтты. Мемлекет басшысы ол кезде елдің бюджеті, әскері мен қаруы да болмағанын алға тартты.

Кандидаттар бір-біріне сұрақ қоюда. Бірінші болып тағы да Зеленский бастады.

Порошенкоға берілген бес минут аяқталды.

Жеребе бойынша бірінші болып Зеленский сөз сөйлеп бастайды. Ол өткен сайлауда Порошенкоға дауыс беріп, үлкен қателік жасағанын айтты. Артынан әзілкеш өзін қазіргі президенттің "қателегі мен уәделерінің нәтижесі" екенін жеткізді.

Мемлекеттің әнұраны шырқалуда.

Оның артынан Петр Порошенко да келіп жетті.

Киевтік журналистердің хабарлауынша, пікірталасқа қатысушылардың бірі Владимир Зеленский стадионға келіп үлгерген.

"Олимпийский" алаңы адамдарға лық толы.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel