RU
Таразда екі жас жігіт кафе күзетшілерін жарақаттап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Таразда екі жас жігіт кафе күзетшілерін жарақаттап кетті

Рассказать Вконтакте

Таразда 18 жастағы екі күзетші 24 жастағы бұзақылардың қолынан зардап шекті. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстративное фото: pixabay.com

Иллюстративное фото: pixabay.com

Анықталғандай, оқиға 10 сәуір күні сағат таңығ төртте "Слим-бар" кафесінде орын алған.

24 жастағы екі азамат жастары 18-дегі екі күзетшіге шабуыл жасаған.

Күзет қызметкерінің бірін өткір затпен жаралаған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

Зардап шеккен екінші ер адам да ауруханада жатыр.

Шабуыл жасағандарды тұтқындады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал күдіктілер болса қамауда отыр.

Күдіктілерге қатысты денсаулыққа қасақана аса ауыр зақым келтіру мен алдын ала келісілген топтық бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel