RU
Талдықорғанда басына газ құбыры құлаған оқушы қыздың миы шайқалды
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда басына газ құбыры құлаған оқушы қыздың миы шайқалды

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда оқушы қыздың басына газ құбыры құлап, миы шайқалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: novosti-saratova.ru

Көрнекі фото: novosti-saratova.ru

Зардап шеккен қыздың анасы газ құбырын жасағандарды сотқа беремін деп отыр. Оқушы Галина Лебедева басына ауыр газ құбыры құлағанда есінен танып қалғанын айтады.

Оқиға үй қоршауының сыртында болған.

"Баламның миы шайқалған. Дәрігер қызыма тыныштық керек деді. Дәрігерге қаралған барлық құжаттарымыз бар. Ал ертең баламның денсаулығына құбырдың қандай салдары болатынын ешкім білмейді. Қызымның қан қысымы төмендеп, басы ауыратынды шығарды. Бізде Талдықорғанда балалар невропатологы жоқ екен. Айына бірақ рет келеді маман. Қазір қызымды ақылы емханаға қаратып жатырмын", - деді қыздың анасы Виктория Лебедева.

Зардап шеккен қыздың анасы газ құбырлары өте сапасыз жасалған деп отыр. Олар тұрып жатқан "Қазақстан" көшесіндегі газ құбырлары қатты жел соқса құлауы мүмкін дейді.

Ал, бұл жұмыстарды әкімдік мердігерден былтыр қабылдапты.

"Жұмыс қабылданғаннан кейін белгілі бір мерзімге мердігер кепілдеме береді. Жұмыста кеткен кемшіліктер қабылдаған кезде білінбеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе кейіннен шығып жатады. Біз тексеру жүргіземіз. Ондай кемшіліктер болса мердігер қайта қалпына келтіреді.
Ал зардап шеккен қыздың ата-анасына мердігер мекеменің өкілдері барып сөйлесті. Мердігер мекеме материалдық, моральдық жағынан толықтай көмегін тигізеді. Оған біз бағдарламаның әкімшісі ретінде кепілдік береміз", - деді Алматы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бастығының орынбасары Дамир Дәулетхан.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel