RU
Үндістанда әйелдердің маңдайына неге нүкте жағады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үндістанда әйелдердің маңдайына неге нүкте жағады?

Рассказать Вконтакте

Үндістан елінде тұрмысқа шығып жатқан қыздың маңдайына қызыл нүкте жағатыны баршамызға аян. Ал сол нүктені қоюдың басты себебі неде? Бұл сұраққа zen.yandex.ru cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Үндістандағы әйелдердің дәстүрлі қызыл нүктесі діни дүниетанымның және оның әлеуметтік мәртебесінің көрінісі болып табылады.Ол бинди деп аталады, бұл сөз "тамшы" немесе "нүкте"деп аударылады. Бинди -Үндістанда бет-әлпет таңбаларының нұсқасы.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Маңдайдағы нүкте бинди де, тилак та болуы мүмкін. Мұның барлығы жергілікті өңір мен жағдайға байланысты қойылады. Тилак индуизм жолындағы әйелдерге күлмен, топырақпен жән басқа да заттармен жағылады. Үндістанда 300- ден астам Құдай болғандықтан тилакты жағудың да түрлі жолдары қолданылады.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Ал бинди жағудың бірнеше шарты бар. Мәселен, оны тек тұрмысқа шыққан әйелдер ғана қояды. Ал басы бос қыздар жігіттерге еркін екендерін көрсету үшін бинди жақпайды. Алайда, арулардың тәндері тазаланатын уақытта бинди жағып жүруге болмайды.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Жалпы биндидің көлемі әр түрлі болады. Соңғы уақытта елде қымбат тастармен жасалған жапсырмалар пайдаланылып келеді.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Ал сары түсті бинди келіншектің жесір екенін немесе жанұяда біреудің көз жұмғанын көрсетеді.

Елде мұсылмандар бинди жақпайды. Ал кішкентай балалардың маңдайына қара нүкте қойылады. Жұртшылық бұл нүкте оны тіл-көзден сақтайды деп есептейді.

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Фото: bepowerback.livejournal.com/ Жирухин Алексей

Сіздің реакцияңыз
1
5
7
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel