RU
Тоқаев Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

"Қордай тас жолында аса ірі жол апаты болды. Өзбекстанның 11 азаматы көз жұмды, жараланғандар көп. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Жолдарымыздағы жағдай алаңдаушылық туғызады, мен ол туралы Ішкі істер министрлігі отырыстарында айтқанмын. Осыған байланысты Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым", - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 20 сәуір таңғы сағат 5-те Алматы-Ташкент тас жолында жол апаты орын алып, 11 адам көз жұмды. Зардап шеккендер саны 29.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel