Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жол апатынан Қазақстан және Өзбекстан азаматтары қаза тапты

Опубликовано:

Қордайдағы жол апатынан 11 адам көз жұмып, 26 адам түрлі жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org
Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org: Twitter

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол оқиғасында 8 адам қаза тапты, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың ішінде тағы үшеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасында 11 қаза тапқандардың ішінде 7 – Қазақстан азаматы, 3 – Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Еске саламыз, облыста жедел штаб жұмыс істейді, психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7(7262)513575 және +7(7262)514167 құрылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1790078-kordajdagy-zol-apatynan-kz-zmgandar-zbekstan-azamattary-bolyp-sykty/

pixel