RU
Қордайдағы жол апаты: Мәулен Әшімбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қордайдағы жол апаты: Мәулен Әшімбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында орын алған ірі жол апатында көз жұмған марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: obk.kz

Фото: obk.kz

Бұл туралы Әшімбаев өз Facebook парақшасында жазды.

"Жамбыл облысындағы ірі жол апаты туралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін.
Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды",- деді ол.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.

Жол апаты нәтижесінде Қазақстан және Өзбекстан азаматтары қаза тапты. Тоқаев көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel