RU
Тоқаев Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Almaty.tv

Фото: Almaty.tv

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты.

"Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel