RU
Ақтөбеде төсекте жатып темекі тартқан екі адам үйінде өртеніп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде төсекте жатып темекі тартқан екі адам үйінде өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде төсекте жатып темекі тартқан екі адам үйінде өртеніп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: regnum.ru

Көрнекі фото: regnum.ru

Өрт сөндіру қызметінің мамандары Ақтөбе қаласы Қорайлы селолық округында өртенген жеке үйден екі адамның мәйітін шығарды. Оның бірі 76 жастағы қария болса, екіншісі 56 жастағы ересек адам. Жеке үйдің түгі қалмай жанып кеткен.

"Оқиға 20 сәуір күні сағат 11:24 мезгілінде тіркелді. 101 қоңырауына Қорайлы ауылындағы жеке үйдің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Құтқару тобы жедел жеткенімен екі адам үйде қалып қойған. Өрт сөндіру кезінде 76 жастағы әйел адам мен 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі қауіпсіздіктің сақталмауынан деп болжанып отыр. Төсекте шылым шеккен",-дейді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге 4 техника мен 16 адам  жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel