RU
ШҚО-да 8 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншек іздестірілуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да 8 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншек іздестірілуде (фото)

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да осыдан бірнеше жыл бұрын із-түсіз кеткен Мамырбекова Гүлжан Тынымханқызынан әлі күнге дейін хабар жоқ. 2011 жылдың 19 сәуірінде банкоматтан ақша шешіп, кішкене баласына тамақ аламын деп үйінен шығып кеткен келіншек қайта оралмаған деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Басылымының жазуынша, бүгінде туыстары мен үйдегі қос ұлының Күршім ауылының тұрғыны Гүлжанды іздеп, күтіп жүргендеріне тұп-тура сегіз жыл болған.

Келіншектің қос ұлы бүгінде есейіп қалған. Гүлжан із-түзсіз кеткенде үлкен ұлы 12-де, кенжесі не бары 1 жаста болған. Аналары жанында болса, биыл жазда 40 жасқа толады екен. Қанша жыл өтсе де, балаларының аналарына деген сағыныштары басылар емес. Осы уақыт бойы үміттерін үзбей, іздеумен, күтумен келеді.

Гүлжан Мамырбекова – әскери қызметкер, Күршімдегі 27955 әскери бөлімінің ефрейторы болған.

Жоғалып кеткен күні ол банкоматқа ұжымдас танысымен бірге кеткен екен. Оны нақты көрген адамдар бар деп жазады басылым.

Үйінен шығып кеткеннен кейін Гүлжан анасына қоңырау шалып, қазір қайтатынын айтады. Алайда дәл сол сәттен бастап байланыссыз қалған.

Басылымының мәліметінше, Гүлжанның жоғалып кеткеніне ата-анасы белгілі бір адамдардың қатысы бар екеніне сенімді.

Тіпті, ол туралы бүкіл ауыл білетін, сезіктенетін көрінеді. Бұл оқиғаның жай-жапсары бірқатар облыстық, республикалық газеттерде ашық жарияланған болатын. Десе де, 8 жыл бұрын басталған іздеу мен тергеу амалдары еш нәтиже бермей, іс тоқтап қалған. Бұл жұмбақ оқиғаның жұмбақтары көп секілді деп жазады басылым.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Гүлжанның әкесі Тынымхан Мамырбековтың айтуынша, 19 сәуір күні оның қызын ертіп кеткен адам жай ұжымдас қана емес. Ол – Гүлжанның кенже ұлының әкесі, бұрынғы жігіті. Екеуі ұзақ уақыт қарым-қатынаста болып, үйленеміз деп жоспарлап жүрген. Алайда жігіт уәдесінен тайып, басқа қызға үйленіп кетеді.

"Ол кезде Гүлжан екеуінің ұлы 9 айға толып қойған", - дейді туыстары.

Басылымның жазуынша, екеуінің баласы бар екенін некелескен жарына айтпауын өтінген жігіт ұлына қаржылай болысып тұруға уәде етеді. Бірақ бұл уәдесін де орындамайды. Осыған қатысты араларында біраз келіспеушілік болған көрінеді.

19 сәуір күні ол Гүлжанның ұялы телефонына 15 рет қоңырау шалған. Айлығы түскенін айтып, банкоматтан барып бірге шешіп алайық деп ертіп кетеді. Банкоматтағы бейнебақылау камерасына Гүлжанның оның көлігіне қайта отырғаны түсіп қалған.

Бас кезде "банкоматқа дейін ғана жеткізіп салдым" деген жігіт, бұл сөзінен тайып, камерадағы бейнежазба анықталған соң "ары қарай үй жағындағы бұрылысқа дейін жеткіздім" деп өзгеріп салады. Гүлжанның ата-анасының сөзінше, бұл жігіт айтқандарын сан рет өзгертіп, талай құбылса да, полиция оны тексеріп, тергеуге аса ден қоймаған екен деп жазады басылым.

"Гүлжанды соңғы рет көрген адам болғандықтан басты күдікті сол еді. Алайда ол қамауға да алынбады. Көп ұзамай, тіпті, қызмет бабымен басқа жаққа ауысып кетті", - дейді Тынымхан Мамырбеков.

"Ал Гүлжанның ісі болса қаралмай, тергелмей жата береді. Ата-анасы жан-жаққа жазып, көмек сұрап шырылдайды. Соның күшімен істе сәл қимыл байқалады да, ізінше қайта тоқтап қалып отырады. Себебі, тергеушілер үшін бұл істе ешқандай іліп аларлық факті жоқ екен. Гүлжанның өзі де, денесі де табылмаған. Ал "бірдеңе көрдік, естідік" деген адамдар өз сөздерін жоққа шығарыпты", - деп жазады басылым.

Бүгінде Гүлжанды іздеп табудан күдер үзбеген туыстарының бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Олар әлі де істі алға жылжыту үшін түрлі тұлғалар мен органдарға хат жазып, көмек сұрауын жалғастыруда.

Қызының не өлі, не тірі екенін біле алмай отырған ата-ана іс қайта қозғалып, дұрыс тергеу жүргізілсе, шындықтың бір шеті шығар еді деген ойда.

Сіздің реакцияңыз
3
2
3
37
0
2
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel