RU
Анасының құрсағында жатқан егіздердің тартысы видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Анасының құрсағында жатқан егіздердің тартысы видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Егіз қыздардың "төбелесі" бейнеленген видео ғаламторға лезде тарап кетті. Жүктіліктің төртінші айында жүрген әйелін ультрадыбысқа түсірген 28 жастағы ер азамат егіз қыздарын ғаламтордың жұлдызы еткен деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Егіз қыздардың әкесі 28 жастағы Тао аталған видеоны әйелін дәрігердің қаралуына апарғанда, Иньчуань қаласында түсіріп алған.

Жергілікті басылымдардың бірінде ер адам қыздарының бір-бірімен бірнеше раунд бойы жұдырықтасқанын қызық көргенін айтты.

Ол ультрадыбыстың жазбасын видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерге лезде тарап кетіпті. Тао қыздарының дүниеге келмей жатып ғаламтор жұлдызы болатынын күтпегенін алға тартты.

Егіз қыздар дүниеге келіп, анасының сүйікті жидектерінің құрметіне орай "құлпынай" мен "шие" лақап есімдерін иеленді.

Аталған видео 2,5 миллионнан астам лүпіл мен 80 мың пікір жинаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
0
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel