RU
БАҚ: Шри-Ланкада жарылыстан қаза болғандардың саны 160-қа жетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

БАҚ: Шри-Ланкада жарылыстан қаза болғандардың саны 160-қа жетті

Рассказать Вконтакте

Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақ үйде болған жарылыстан қаза болғандардың саны 160 адамға жеткен деп хабарлайды жергілікті News First ақпарат қызметіне сілтеме жасаған RT.

Фото: Chowkidar Bharath Y Eregodu/twitter.com

Фото: Chowkidar Bharath Y Eregodu/twitter.com

БАҚ-тың мәліметінше, Коломбо қонақ үйінде 40 адам қайтыс болып, 295-і жарақат алған.

Негомбо қаласындағы шіркеуде 93 адам көз жұмса, Баттикалоа шаһарындағы шіркеуде 27 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, бүгін Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel