RU
Мотоцикл дабылына билеген қос бүлдіршін жұрттың көңілін көтерді (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мотоцикл дабылына билеген қос бүлдіршін жұрттың көңілін көтерді (видео)

Рассказать Вконтакте

Кішкентай бүлдіршіндердің биі түсіп қалған видео Instagram желісіне тарап, жұртты күлкіге қарық қылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрда екі ұл баланың мотоциклды ұрып, одан шыққан дабылға билей кеткені бейнеленген. Дабыл тоқтай қалғанда бүлдіршіндердің біреуі оны қайта ұрып, "сауық кешін" жалғастырған.

Желі қолданушылары кішкентай балаларға риза болып, күлкіге қарық болғандарын жаза кетті.

"Періштелер ғой. Қылықтары тәтті", "Мына бала тура мен ғой", "Мұндай сауық кеші менің жаныма жақын", - деп жазды олар.

Оқырмандар аталған видеоның астына достарын белгілеп, күліп тұрған эмоджилерді жіберген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel