RU
Тоқаев: Терроризмнің шекарасы жоқ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тоқаев: Терроризмнің шекарасы жоқ

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт-Тоқаев Шри-Ланкада 160 адамның өмірін қиған бірнеше жарылысқа байланысты көңіл айтты. Бұл туралы ел президенті Twitter-де арнайы жазба қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Тоқаев желідегі парақшасында Шри-Ланкада қайғылы жағдай болғанын атап өтті.

"Шри-Ланкада сұмдық жағдай. Мемлекеттегі қонақ үйлер мен шіркеулер де болған жарылыс салдарынан 160-тан аса адам қаза болды, жарақат алғандар өте көп. Олардың туыстарына көңіл айтам. Терроризмнің шекарасы жоқ. Әлемдік қоғамдастық террорға қарсы күшті біріктіру қажет", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған.

БАҚ жарылыстан қаза болғандардың саны 160-қа жеткенін хабарлады.

Кейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel