Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду: "Юве" - де қалатыным 1000 пайыз (фото)

Опубликовано:

"Ювентус" қарсыласы "Фиорентина"-ны 2:1 есебімен ұтып, тарихта 35 рет және қатарынан сегіз мәрте Италия чемпионатын жеңіп шықты деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: UGC

Жеңістен кейін Куадрадо португалиялық спортшының үстіне секіріп, көбігі бар баллонды Криштанудың басына септі.

"Бұл жақсы жыл болды, бейімделу жылы болды. Біз Супер кубокты жеңіп алдық. Мен бақыттымын. Жеңіске жету оңай болған жоқ. Чемпиондар Лигасынан кеткенімізге ызалымын ба? Үнемі жеңе беру мүмкін емес. Біз ең жақсы жұмысымызды көрсеттік. Бірақ кубокты тек бір команда жеңеді. Мен командама көмектесу үшін қолдан келгенше тырыстым, келесі жылы да тырысамын. Біз екі олжаны қанжығамызға байладық. Бұл маңызды", - дейді спортшы.
"Суперкубок пен А санатындағы жеңіске қуаныштымын. Біз Чемпиондар Лигасында жақсы ойын көрсеттік, келесі жылы бұдан да жақсы болады. "Юве"-де қалатыным 1000 пайыз", - деп сөз берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1790172-ronaldu-uve-de-kalatynym-1000-pajyz-foto/

pixel