RU
Шри-Ланкада жетінші жарылыс болды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шри-Ланкада жетінші жарылыс болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Бұл 21 сәуірде елде болған жетінші жарылыс деп хабарлайды жергілікті басылымдарға сілтеме жасаған РИА Новости.

Фото: twitter.com/Zaya11765397

Фото: twitter.com/Zaya11765397

Соңғы жарылыс мемлекеттің батысында орналасқан Дехивал қаласындағы зоологиялық баққа жақын маңда болған.

Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған. Оқиға орнына қауіпсіздік қызметкерлері келіп жеткен.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда 21 сәуірде болған алты жарылыстан құрбан болғандардың саны 185-ке жеткен. Шамамен 500 адам зардап шекен.

Сонымен қатар жарылыс салдарынан 35 шетел азаматының қаза болғаны хабарлануда.

Еске сала кетейік, бүгін Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған.

Кейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel