RU
Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкадағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкадағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада орын алған террористік әрекеттерге байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

"Қазақстан 2019 жылғы 21 ақпанда Шри-Ланканың астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында орын алып, көптеген бейбіт адамдардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды", - делінген хабарламада.

СІМ еліміз терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы екенін және онымен күресті толық қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырған.

"Адамгершілікке жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатаң жазаға тартылу қажет.
Қаза тапқандардың және зардап шеккендердің жанұяларына, сондай-ақ Шри-Ланка халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған.

Елдегі жетінші жарылыс мемлекеттің батысында орналасқан Дехивал қаласындағы зоологиялық баққа жақын маңда орын алса, сегізінші жарылыс Коломбо қаласының маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel