RU
Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда Балапан әуеайлағында FK14 Polaris әуе кемесі апатқа ұшырап екі адам қаза болды деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

K14 Polaris. Иллюстрациялық фото: wikipedia.org

K14 Polaris. Иллюстрациялық: фото wikipedia.org

Ұшақ апаты 21 сәуір күні сағат 16:25-те болған. Қайғылы жағдай оқу-жаттығу кезінде орын алған.

Қонуға бағыт алған FK14 Polaris жеңіл авиация әуе кемесі апатқа ұшыраған.

"Алдын-ала мәлімет бойынша екі адамнан тұратын экипаж қаза тапқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Осы оқиғаға бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы тескеруді бастамақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel