RU
Сайлауда жеңіліс тапқан Поршенконың мұңайған сәті видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сайлауда жеңіліс тапқан Поршенконың мұңайған сәті видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Украинадағы Орталық сайлау комитеті елдегі президенттік сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысын шығарды. Алдын ала санақ бойынша, бұл сайыста 73,33% дауыс жинаған Владимир Зеленский жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайлауда жеңілген Поршенконың мұңайған сәті видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Дауыс беру нәтижесі бойынша қарсыласынан жеңіліп, уысынан билік ыршып түскен Петр Порошенконың сөйлер алдындағы көңіл-күйі журналистердің камерасына ілініп, әлеуметтік желілерде таралып кетті.

Ролик кадрларында "Құдайым, Украинаны сақта" деп сөйлемес бұрын экс-президенттің күрсінгені байқалады.

Естеріңізе сала кетсек, бұған дейін сайлаудың екінші кезеңінде Владимир Зеленский көш бастап тұрғанын, оған тұрғындардың 73,33%-ы дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel