RU
Қарағандыда ажал құшқан ұшқыш осыған дейін де өлім аузынан қалған
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ажал құшқан ұшқыш осыған дейін де өлім аузынан қалған

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыш Юрий Артемов осыған дейін оқу ұшақтарымен ұшқан сәтте өлім аузынан қалған деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: airliners.net

Көрнекі фото: airliners.net

Юрий Артемов Павлодар облысының тумасы. Марқұм жайында журналистерге оның досы Сергей Сайкин айтып берді.

Сергейдің сөзінше, Юрий бес баланың ең үлкені. Ол бала кезден барлық іске икемді болып, техникаға әуестенген.

Қаза тапқан ұшқыштың артында әйелі, екі баласы мен немересі қалды.

Артемов училищеден кейін әскери ұшқыш болып, Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған шеруге қатысқан.

Сайкиннің сөзінше, зейнетке шыққан соң Юрий нұсқаушы болып қызмет екен.

Бірде ол осындай оқу ұшағында жабдықтың істен шығуына байланысты өлім аузынан да қалыпты. Ол кезде тәжірибелі ұшқыш әуе кемесімен жерге қонып үлгерген екен.

Айта кетейік, 21 сәуір күні Қарағандыда оқу ұшағы апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel