RU
Ақтөбеде денесі сайдан табылған студент туралы сұмдық жайттың беті ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде денесі сайдан табылған студент туралы сұмдық жайттың беті ашылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде Жайсан ауылындағы көпсалалы колледж студентінің өліміне қатысты кейбір мәліметтер анықталды. Марқұм бала кезінен жетімдікті көріп өскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: amurmedia.ru

Көрнекі фото: amurmedia.ru

Қоңырау кезінде шығып кеткен 19 жастағы студенттің денесі 1,5 сағаттан кейін ауыл жанынан табылған.

"Ол қыз баланың ақыл-есінде ауытқушылық бар. Кішкентай кезінен ата-анасы тастап кетіп, балалар үйінен тәрбиеленген. 9-сыныпты арнайы мектептен бітірді.

Соңғы жылдарда оның ауруы үдеп кеткен. Ашушаң, үнемі бір нүктеге қарап отыра береді екен. Сол күні қоңырауға шыққан кезде кетіп қалып тұр.

Видеодан колледж мамандарының үш минуттан кейін іздеу салып жатқаны көрінеді.

Мамандар марқұм болған студентті 1,5 сағаттан кейін ғана Жайсанның жанындағы сайдан тауып алды",-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Күдікті Қобда ауданының тумасы екен. Ол да әке-шешесі ата-ана құқынан айырылған соң балалар үйінде тәрбиеленген. Сондай-ақ, оның да ақыл-есінде ауытқушылық бары анықталды.

"Денені күдікке ілінген студент тауып алған. Сол жерде полиция, колледж мамандарына "Мен буындырып өлтірдім" деген. Екі бала да жақында ауруханадан ем алып шықты.

Нақты сол өлтірді деп айта алмаймыз. Бірақ, қазіргі уақытта күдікті деп танылып тұр.

"Сен өлтірдің бе?" десе "Иә" деп, "Сен өлтірген жоқсың ба?" десе "Жоқ" деп жауап береді.

Арнайы колледжде ауытқушылығы бар 104 студент білім алып жатыр. Олардың ауру деңгейлері әр түрлі. Ауруы асқынған кезде бала біреуге зиян келтірмейді дегенге ешкім кепіл бола алмайды",-дейді Ләззат Оразбаева.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде 12 сәуір күні тұншықтырылып өлтірілген студенттің денесі табылған болатын. Марқұмның есепшотында 3 млн-ға жуық қаржы жиналған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel