Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шындықтан қашпайсың": Марафонда ұсталғандар полицияға бағынбаған (фото)

Опубликовано:

Алматы полициясы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін марафон кезінде құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесті деп хабарлайды оңтүстік астананың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото facebook.com/irene.mednikova
Фото facebook.com/irene.mednikova: UGC

Кеше, 21 сәуір күні мегаполисте жыл сайынғы "Алматы марафоны" өтті.

Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, шараға ресми түрде 17 мың адам тіркеліп, 30 мың адам қатысқан.

"2013 жылдың сәуір айында Бостонда өткен марафондағы лаңкестік әрекет мысалында, марафонға қатысушыларға нақты қауіп төндіретін қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу және қылмыстарды болдырмау мақсатында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтілген түрде қамтамасыз етіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады: екі мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.

Кез келген келісілмеген іс-әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескере отырып, Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында "Шындықтан қашып кетпейсің", #Менің таңдауым бар, #ADILSAILAYUSHIN деген жазуы бар плакаттарды алып шыққан адамдар тобы анықталды",- деп хабарлады полиция.

Фото facebook.com/irene.mednikova
Фото facebook.com/irene.mednikova: UGC
"Осылайша, жолда оларды суретке түсіруге тырысқан адамдар шыға бастады. Олар бұл әрекеттерімен марафонға қатысушыларға кедергі келтірді.
Соның салдарынан қайғылы жағдайға әкелетін кептеліс пен дүрбелең пайда болуы мүмкін еді. Оған қоса, бұл құқықбұзушылар тарапынан марафон қатысушыларына деген айқын құрмет көрсетпеушілік", - деді баспасөз қызметінде.

Сонымен бірге, ұсталған жастардың полиция қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттерін тоқтату талаптарына бағынбағаны айтылды.

"Олар өз құжаттарын көрсетіп, сауалнамалық деректер беруден бас тартты. Осыған байланысты, жеке басын анықтау мақсатында азаматтар Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомствода.

1984 және 1998 жылдары туылған екі белсенді қатысушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 488-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жиналған. Алматы қаласының МАӘС шешімімен құқық бұзушылар 15 тәуліукке әкімшілік қамауға алынды.

Басқалармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790285-syndyktan-kaspajsy-marafonda-stalgandar-policiaga-bagynbagan-foto/

pixel