RU
"Жарады да жарды": Отандық жұлдыздар Зеленскийді жаппай құттықтауда
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жарады да жарды": Отандық жұлдыздар Зеленскийді жаппай құттықтауда

Рассказать Вконтакте

Украинадағы сайлауда орталық сайлау комиссиясының алдын ала есептеуі бойынша көш бастаған Владимир Зеленскийді қазақстандық жұлдыздар жаппай құттықтауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдірайымов, Қоянбаев, Дана Нұржігіт, Әлімжанов, Зеленский. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әбдірайымов, Қоянбаев, Дана Нұржігіт, Әлімжанов, Зеленский. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Дана Нұржігіт, Нұрлан Қоянбаев, Нұрлан Әлімжанов, Алпамыс Шәрімов, Бағлан Әбдірайымовтар өздерінің желідегі парақшасында президенттік сайлаудың екі кезеңінде жеңіске жеткен актерге жарыса жылы лебізін жолдаған.

"Украина өз таңдауын жасады. Кеше КВН-нен шыққан шоумен Владимир Зеленский - Президент. Өзі бас кейіпкерін сомдаған "Слуга народа" фильміндегі сюжет шындыққа айналды. Шын өмірде Зеленский мырза халық қызметшісі бола ала ма екен? Уақыт көрсетеді. Уақыттың өзі жас президентті таңдады емес пе? Тұрсынбек Қабатов немесе Нұрлан Қоянбаев, әлде Қайрат Әділгерейлердің ел басқарғанын қалар ма едіңіз? Көзге елестетіп көріңіздерші?", - деп жазды Дана Нұржігіт Instagram парақшасында.

Ал Нұрлан Әлімжанов көпшіліктен отандық өнер жұлдыздарының қайсысын билікке сай көретінін сұраған.

"Хан баласындай тік сөйлеп, би баласындай нық сөйлеп жүретін Зеленский жарады. Бізден әншілер немесе актерлер - жалпы өнер адамдары президенттік сайлауға түсер болса, кімді лайықты болар еді деп ойлайсыздар?", - дейді Нұрлан Әлімжанов Instagram парақшасында.

Бұл саяси оқиға "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовты да бей-жай қалдырмаған. Өнер иесі Instagram-да жазба жариялап, таңданысын жасыра алмады.

"Міне, нағыз жаңалық. Бәрі де мүмкін", - дейді әнші.

Актер, режиссер Нұрлан Қоянбаев болса әріптесінің жеңісіне қосыла қуанған. Ол тіпті кезінде Зеленскиймен бірге тсүкен суретін де жариялады.

"Украина exit-poll шешімімен бүгін сайлаудың алғашқы қорытындысын шығарды. Владимир Зеленскийді шын жүректен жеңісімен құттықтаймын! Бұл үлкен қадам", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында.

Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері Алпамыс Шәрімов те Украинадағы сайлауға қатысты өз пікірін Instagram парақшасы арқылы білдіріп, Зеленскиймен Whatsapp желісі арқылы сөйлескенін мақтана айтты.

"Зеленский құтты болсын! Шоумен президент бола алады. Бастысы президент шоумен болып кетпесе болғаны. Украина бүгін нағыз демократияны көрсетті. Украина президентімен суретім бар және WhatsApp-пен сөйлескенбіз", - деп жазды Алпамыс Шәрімов.

Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы сайлаудың екінші кезеңінде Владимир Зеленский көш бастаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
24
5
3
0
2
36
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel