Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өгей шешесінен қорлық көрген жетісайлық қыздарға қатысты дерек шықты

Опубликовано:

Жетісайда өгей анасынан жәбір көрген үш қызға қатысты Түркістан облысының Білім басқармасы балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары бойынша хабарлама жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: aebarone.expressions.syr.edu
Фото: aebarone.expressions.syr.edu: UGC

Хабарлама мәтіні төмендегідей:

"Бұдан бұрын қоғам хабардар болған, 2019 жылғы 11 сәуірде мектеп ұстаздары аудандық білім бөліміне, аудандық прокуратураға, ішкі істер бөліміне Түркістан облысы Жетісай ауданындағы отбасында әкелерінің бірге тұрып жатқан әйелі тарапынан апалы-сіңлілі үш жасөспірімге қарсы зорлық-зомбылық көрсетілді деген күдікпен ақпарат түсірген болатын".

2019 жылғы 20 сәуірде 2019 жылғы 11 сәуірден бастап емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім ем шараларын аяқтап, ауруханадан шықты.

Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылы 20 сәуірде:

  • апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
  • аталған отбасындағы бір жарым жасар сәби Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды.

Істі болып жатқан, жасөспірімдердің әкесімен бірге тұрған әйел сот шешімімен, жүктілігіне (30 апталық) байланысты үй қамауына ауыстырылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Жасөспірімдер ұдайы психолог мамандардың бақылауында. Оларға білікті психологиялық көмек көрсетілуде.

Аталған іс Облыс прокурорының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790296-gej-sesesinen-korlyk-krgen-zetisajlyk-kyzdarga-katysty-habarlama-zaria-boldy/

pixel