Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жол апаты: Мырзахметов зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

20 сәуір күні Қордайда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің қазіргі жағдайы жөнінде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org
Фото: facebook.com/groups/oo.osa.org: Twitter
"Белгілі болғандай, 11 адам қаза тапты. 31 адамға түрлі дәрежедегі медициналық көмек көрсетілді. Бүгінгі күні, ауруханада тоғыз адам жатыр. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, дегенмен қалыпты", - деді облыс басшысы.

Мырзахметовтың сөзінше, жансақтау бөлімінде жатқан үш адамның бірі Өзбекстан азаматы болып шықты.

Қалған алты адам аурухананың басқа бөлімдерінде жатыр. Олардың екеуі Өзбекстан азаматы болса, төртеуі қазақстандықтар.

"Марқүмдардың денелеріне қатысты айтарым: Біздің тараптан мәйіттерді шекараға жеткізу үшін барлық шара қолданды. Ал емделіп жатқандарға қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр" , - деді ол.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 29 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790298-kordajdagy-zol-apaty-myrzahmetov-zardap-sekkenderdi-zagdajy-turaly-ajtty/

pixel