Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 15 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан Нұр-Сұлтандық келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандық Назира есімді келіншек студент күнінде өзінен 15 жас үлкен ер азаматты кездестіріп, оған тұрмысқа шыққан. Алайда бүгінде әйел адамның күйеуіне көңілі толмай жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ipristav.ru
Фото: ipristav.ru: UGC

Әйелдің сөзінше, ол жұбайымен университеттің үшінші курсында оқып жүргенде танысқан. Қазіргі таңда тұрмыс құрып, екі баланың анасы атанып отыр екен.

Алайда, ол күйеуінің оны қанағаттандыра алмайтынын, жасына байланысты жыныс мүшесімен қиындықтар болып тұратынын да жасырмады.

"Күйеуіммен танысқанда оның жасына қызықтым. Менен жасы үлкен болса өзімді сыйлап, барлығымен қамтамасыз етуге тырысады деп ойладым. Бәрі мен ойлағандай-ақ болды. Бірақ, мен оның жасына басқа қырынан қарап көрмеппін. Күйеуімнің жыныс мүшесімен қиындықтар болып тұрады. Басында назар аудармағанмын. Бірақ уақыт өте мұның үлкен мәселе екенін түсіндім", - дейді келіншек.

Назира енді тіпті күйеуімен төсекте қосылғысы келмейтінін айтты. Оның сөзінше жұбайы оны қанағаттандыра алмағандықтан әйел өзін жайсыз сезініп, ашушаң болып бара жатыр екен.

"Ләззат ала алмаған соң жүйкем тозып жүр. Төсек қатынасын тек түсімде көретін болдым. Өзіммен қатар жігіттерге ойым кете бастады. Бірақ төсек ләззаты үшін күйеумен айырылысып кету ақымақтық секілді. Не істесем болады?", - деп жан сырын ақтарды кейіпкеріміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790316-zinen-15-zas-lken-azamatka-trmyska-sykkan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel