RU
Ақтөбеде мектеп асханасынан мұғалімдер мен оқушылар жаппай уланған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде мектеп асханасынан мұғалімдер мен оқушылар жаппай уланған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мектеп асханасынан тоқаш жеп, шырын ішкен бір топ оқушы уланып қалды. Асханадан тамақтанып уланғандардың қатарында мектеп мұғалімі де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Менің екі балам сол мектепте оқитын еді. 20 сәуір күні таңғы сағат 7:30-дан бастап балаларым ауырды. Бірінші ұлымның іші кетіп, құсып, басы айналды. Түске дейін қоймаған соң ауруханаға апардым. Кешке қызым ауырды. Олар мектеп ауруханасынан тоқаш пен шырын ішкендерін айтты. Көпшілігі жұқпалы ауруханадан қорқып, баланың ішін тазартып алып кетіп жатыр. Ұлым ауруханада. Қызым үйде, бірақ әлі әлсіз. Ауруы басылған жоқ",- дейді ата-ана Қалауша Сыдықова.

Шу шыққан мектеп асханасы сенбіден бастап жұмысын тоқтатқан.

"Бізге сенбі күні қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабар түскен бойда асхана жабылды. Ауырғандардың дені бастауыш сыныптың оқушылары",- дейді әлеуметтік педагог Элеонора Төлегенова.
Фото: Әлеуметтік педагог Элеонора Төлегенова

Фото: Әлеуметтік педагог Элеонора Төлегенова

Мектепке қатысты тексеріс жүргізген санитар мамандар асханадағы былықтың бетін ашқан.

"19 сәуір күні кешкі уақыттан бастап Ақтөбе қаласында № 9 мектеп гимназиясының оқушылары арасында жедел ішек ауруы тіркеле бастады. Бүгінгі күнге 21 адам тіркелді, оның ішінде 20 оқушы, 1 мұғалім бар. 2 науқас ауруханада тиісті емдерін алуда, қалған 19 науқасқа бірінші медициналық көмек көрсетіліп ата-аналарының қалауы бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне қайтарылған",- дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаева.

Ақтөбе қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен № 9 мектеп гимназиясының асханасына жоспардан тыс тексеру зертханалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Тексеру барысында асханада жуылған ыдыстардың дұрыс кептірілмеуі, ыдыс кептіретін кептіргіштердің жоқтығы, шикі тағамдарды сақтайтын тоңазытқышта термометр жоқ екендігі, шикі тауық еті және тартылған балық өніміне сапасын растайтын құжаттардың болмауы анықталды.
Тексеру барысында асхананы жалға алып отырған жеке кәсіпкер Наурызбаев санитарлы-эпидемиологиялық қортындысыз жұмыс істеп жатқаны анықталды",- дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Санитар мамандармен кәсіпкердің заңсыз жұмыс істеуіне жол берген мектеп директорына тәртіптік шара қолдануға қатысты ұсыныс жасалған. Қазіргі таңда асхана жұмысы тоқтатылды. Эпидемиологиялық  тексеру жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel