RU
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы үшін қаражат ел ішінен іздестірілмек
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы үшін қаражат ел ішінен іздестірілмек

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет кулуарында Нұр-Сұлтандағы жер үсті метросының құрылысы іске асырылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: clrt.kz

Фото: clrt.kz

"Нұр-Сұлтан қаласында LRT жобасын іске асыруға қатысты айтсам, ол одан әрі жалғастыруды талап етеді және бұл инфрақұрылымдық жоба одан әрі жүзеге асырылады.
Қазір мемлекеттік даму банкімен (ҚДБ – Ред.) тиісті келіссөздер жүргізілуде. Бәлкім, біз осы қарызды қайта қаржыландыру туралы келісеміз", - деді қаржы министрі.

Оның сөзінше, құрылысқа қажетті қаржы көздері мемлекет ішінен іздестіріледі.

"Қазір мемлекеттік даму банкі желісі бойынша жүзеге асыруда қиындықтар туындағандықтан, бұл мәселелерге қала әкімдігі жауап береді. Біз басқа көздер есебінен қайта қаржыландыру жолдарын табамыз", - деді ол.

Айта кетейік, өткен аптада елорда әкімі Бақыт Сұлтанов LRT құрылысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel