Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстан корей батырларының сүйегін еліне қайтарады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея мен Қазақстан корей батырларының сүйегін туған жеріне жіберу туралы келісімге келгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Тоқаев пен Мун Чжэ Ин қатысқан БАҚ өкілдерімен брифинг кезінде айтылды.

"Біз Мун Чже Иннің мемлекеттік сапары тағы бір корей халқының батыр ұлдарының сүйегін туған жеріне жеткізу туралы игі іспен жалғасқанына қуаныштымыз.
Осындай тарихи оқиға Корей тәуелсіздігі үшін болған Бірінші наурыз қозғалысының жүз жылдығына орай өтіп жатқаны орынды", - деді Тоқаев.

Мун Чже Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде екі кореялық батырдың сүйегі туған жеріне қайтарылмақ.

Еске сала кетсек, бүгін, 22 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз резиденциясында елге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының басшысы Мун Чжэ Инді қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1790345-tokaev-kazakstan-korej-batyrlaryny-sjegin-eline-kajtarady/

pixel