Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Smart Astana қосымшасында медициналық кітапшалардың түпнұсқасын тексертін қызмет пайда болды

Опубликовано:

Қазақстанда алғаш рет медициналық кітапшалардың түпнұсқалығын тексеруге арналған жаңа ақпараттық өнім енгізілді.

Жалған медициналық кітапшаларға жол берілмейді: Smart Astana қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, медициналық ұйымдарда медициналық кітапшаларды берудің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық қызметті ұсынды.

"Енді жұмыс беруші Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы медицина кітапшасын шынымен медициналық мекеменің өзі бергенін-бермегінін өз бетінше тексере алады. Әрбір шығарылған медициналық кітапша медицина ақпарат жүйесінде тіркеледі. Қызметкердің ЖСН теру арқылы сіз қайда, қай кезде және медициналық кітапшаның қашан берілгенін біле аласыз", – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Рүстемова.
Жалған медициналық кітапшаларға жол берілмейді: Smart Astana қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Жыл басында елордада аурухана парақтары мен 083, 086, 094, 095 формалы анықтамаларға QR-код енгізілген болатын. Енді жұмыс беруші клиникаға осы құжаттардың түпнұсқалығын анықтап беру үшін өтініш жасамайтын болды. Бұны Smart Astana қосымшасында смартфонмен QR кодты сканерлеу арқылы қысқа уақыт ішінде жасауға болады. Бұл қызметтер республикада алғаш рет астанада қолға алынды. Ол денсаулық сақтау бағдарламасын цифрландыру және «Астана – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаның бөлігі ретінде іске асты.

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қауіп төндіретін барлық салаларға талдау жасадық: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау. Атап айтқанда, біз жарнамалық сайттарды зерделедік, онда көбінесе сертификаттар, санитарлық кітапшалар, аурулар анықтамасын сату туралы хабарландырулар көп кездесті. Материалдар біздің агенттігіміздің құқық қорғау бөліміне берілді. Өткен жылдың тамыз айында қалада жалған медициналық куәліктер мен басқа да медициналық құжаттар шығарумен айналысқан топ ұсталды. 80 жалған мөр, жалған флюорографиялар табылды. Біздің есептеулеріміз бойынша, осы топтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде клиникалар кемінде 25 миллион теңгені жоғалтты. Бұдан басқа, медициналық тексеруден өтпеген, бірақ балалармен қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін адамдар басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді", – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Жазира Жылқышиева.
Жалған медициналық кітапшаларға жол берілмейді: Smart Astana қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Әлия Рүстемованың айтуынша, медициналық анықтамаларды тексеру қызметі қазірдің өзінде қаланың барлық аумағында жұмыс істейді, яғни кез-келген медициналық ұйымда заңды түрде берілген медициналық кітапша немесе анықтама ақпараттық жүйеде тіркелген.

Осындай қызмет түрі үшін лицензия алған мемлекеттік медициналық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдар медициналық кітапшалар шығаруға құқылы. Медициналық кiтапшаларды, сондай-ақ 083 және 086 анықтамаларды тіркеу тегін медициналық көмектің кепілдік түріне жатпайды. Бұл қызметтер баға тізіміне сәйкес төленеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың барлығында бір баға көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790348-smart-astana-kosymsasynda-medicinalyk-kitapsalardy-tpnskasyn-teksertin-kyzmet-pajda-boldy/

pixel