Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлназ Жоланова өзін Аян Өтепбергенмен қосатындарға жауап берді

Опубликовано:

Актриса Гүлназ Жоланова өзін Аян Өтепбергенмен жұптастырған көпшілікке жауап берді. Өнер иесі өзінің жеке өмірі жайлы "Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында сыр шерткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова, Аян Өтепберген. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Гүлназ Жоланова, Аян Өтепберген. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Аянмен жақын доспыз. Асылхан, Аян, мен бәріміздің ортамыз бір. Біраз жерде бірге жүреміз. Бұйырса, бір-екі жылда той болса, өзім нақты ақпарат айтып... Егер де бұл халыққа қызық болса, міндетті түрде өзім бөлісемін", - дейді актриса.

Сондай-ақ Гүлназ Жоланова сүйіктісі бар екенін, оның өнер әлеміне қатысы жоқ екенін де жасырмай айтып берді.

"Бар. Дегенмен, мен ырымшылмын ба? Өзіме маңызды нәрселерді айтуға қорқамын. Дегенмен бар. Өзімнің көңілімнен шығады десем де болады. Өнер адамы емес. Анаммен таныстырмадым", - дейді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, ел арасында Гүлназ Жоланова мен Аян Өтепбергеннің жұлдызды жұп екені айтылып келген болатын. Тіпті қос өнер иесінің биыл шаңырақ көтеретіні жайлы да қауесет тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1790356-glnaz-zolanova-zin-aan-tepbergenmen-kosatyndarga-zauap-berdi/

pixel