Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында дәрігерлер суға батып кеткен төрт жасар қызды құтқарып қалды

Опубликовано:

Түркістан облысының дәрігерлері суға батып кеткен балақайдың өмірін аман алып қалды. Оқиға Келес ауданы, Абай өңіріндегі Ошақты ауылында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: snitsya-son.ru
Иллюстрациялық фото: snitsya-son.ru: Depositphotos

Белгілі болғандай кішкентай ауыл тұрғыны 4 жасар Айару Әбдіқадыр абайсызда үйінің жанындағы үлкен арыққа құлап кеткен. Сол маңда ойнап жүрген балалар байқап қалып бүлдіршіннің әкесіне хабар берген.

Жалма-жан жеткен ер адам қызын судан алып шыққанда бүлдіршіннің өңі көкпеңбек болып, ес-түзсіз халде болған.

Әкесінің айтуынша, қызы шамамен 10 минуттай суда қалып қойған.

Оқиға орнына бірнеше минуттың ішінде шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері алқашқы медициналық көмек көрсетіп, қыз баланы құтқарып қалған.

Олар Айарудың өкпесіндегі су шығарып, оның беті бері қараған. Қыз бала Абай атындағы Орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Айару бүгін жансақтау бөлімінен шығып, қажетті ем-дом алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1790401-trkistan-oblysynda-drigerler-suga-batyp-ketken-trt-zasar-kyzdy-ktkaryp-kaldy/

pixel