Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы президент сайлауы: Ермұрат Бапи кезекті үміткер болуы мүмкін

Опубликовано:

Жалпыұлттық социал-декмократиялық партиясының атынан президенттік сайлауға Ермұрат Бапи түсуі мүмкін деп жазады саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ермұрат Бапи. Фото: bureau.kz
Ермұрат Бапи. Фото: bureau.kz: UGC
"ЖСДП саяси кеңесі партияның 14-ші съезін 2019-шы жылдың 26 сәуірінде өткізуді қаулы етіп, 9 маусымда болатын президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды", - делінген хабарламада.

Ермұрат Бапи 1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында өмірге келген.

Ол әр жылдары түрлі басылымдарда журналист болып қызмет етті.

Бапи "DAT" жобасының жетекшісі, 1999 жылы тәуелсіз "Солдат" газетінің бас редакторы болған.

Бұдан бөлек, 2016 жылы жалпыұлттық социал-декмократиялық партиясының атынан мәжіліс депутаты сайлауына түсті.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790411-kazakstandagy-prezident-sajlauy-ermrat-bapi-kezekti-mitker-boluy-mmkin/

pixel