RU
Алматы марафонындағы акцияның тағы үш қатысушысы сот алдында жауап бермек
Жаңалықтар Қоғам

Алматы марафонындағы акцияның тағы үш қатысушысы сот алдында жауап бермек

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада Алматы-2019 марафоны кезінде "Шындықтан қашпайсың" деген плакаты бар жазуды ілгені үшін ұсталған екі азаматқа қатысты брифинг өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Алматы ПД

Көрнекі фото: Алматы ПД

Полиция шараға қатысуға 17 мың өтінім бергенімен, 30 мың адам қатысқанынын айтты.

Осыған байланысты Алматы полициясы қауіпсіздік шараларын ұйымдастырған.

" Әл-Фараби мен Шашкин көшелерінің қиылысында марафон өткен жерде плакат ілген адамдар тобы анықталды.
Олар өздері туралы мәлімет беруден, құжаттарын көрсетуден бас тартты. Плакатты фото мен видеоға түсіргісі келген адамдар да пайда болды. Олар аумаққа жүгіріп шығып, қатысушылардың қозғалысына кедергі келтірді.
Сіздер сот олардың үстінен 15 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдағанын білесіздер", - деді Салтанат Әзiрбек.

Оның сөзінше, акцияны қолдаған тағы үш қатысушы ұсталған.

Қазіргі уақытта оларға қатысты мәліметтер жинастырылып, ҚР ӘҚБК 488-бабы 1 тармағы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада олар да сот алдында жауап бермек.

"Жастар өздерін дөрекі ұстады. Рұқсатсыз плакат ілді. Сонымен қатар, жазбаның мазмұны марафонға қатысушыларға кедергісін келтірді.
Егер салаутты өмір салтына шақыратын мәтін болса, мейлі екен. Бірақ ондай болған жоқ. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды", - деді Әзірбек.

Еске сала кетсек, кеше, 21 сәуір күні мегаполисте жыл сайынғы "Алматы марафоны" өтті.

Сайыс кезінде полиция қызметкерлері бірнеше құқық бұзушылық әрекеттерін тіркеді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel