RU
Қарағандыда апат болған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда апат болған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды

Рассказать Вконтакте

ҚР ИИДМ 21 сәуірде Қарағандыдағы "Балапан" әуеайлағында құлған FK-14 В2 "Polaris" ұшағына қатысты оқиғаның мән-жайы айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға орынан фото: Facebook/Denis Krivosheyev

Оқиға орынан фото: Facebook/Denis Krivosheyev

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылдың 21 сәуірінде Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылынан 4 шақырым жердегі "Балапан" "Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС-нің қону алаңында 2013 жылы шыққан FK-14 В2 "Polaris" ұшағы құлаған.

Оқу орталығына тиесілі жеңіл моторлы екі орынды ұшағы оқу-жаттығу кезінде құлағаны анықталды. Бортта болған екі адам оқиға орнында қаза тапқан.

Атап айтқанда, 1967 жылы дүниеге келген ұшқыш-нұсқаушы - Артемов Юрий Анатольевич пен осы оқу орталығының 2018 жылдың мамыр айынан бастап тыңдаушысы болған (ұшқыш) 1990 жылғы Әукешев Мереке Өмірбекұлы.

Экипаж құрамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:11-де кезекті жаттығуды орындау мақсатында әуеге көтерілген. Сағат 16:20-да ұшақ шұғыл төмен құлдилаған. Диспетчер әуе кемесімен байланысты жоғалтып алған.

Авариялық-құтқару қызметі жылдам дайындалып, әуе кемесі құлайтын жерге жедел жіберілген.

Министрліктің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін курсант Аукешев 30 сағатқа жуық ұшқан. Оған инструктор Артемов бекітілген. Аукешев оқу-жаттығу сабақтарын FK-14 В2 "Polaris" ұшақтарымен орындаған.

FK-14 В2 "Polaris" 2013 жылы Польшадағы зауыттан алынған. Жалпы, ұшақ 1100 сағат ұшқан. Ұшақ ұшар алдында толық тексеруден өткен және ешқандай ақау болмаған.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркелген.

Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel