RU
Алматыда кішкентай балақай автобусқа қарай жүгіріп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда кішкентай балақай автобусқа қарай жүгіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде кішкентай баланың автобустың астына жүгіріп кеткен видеосы тарады. Бейнежазба Instagram желісіндегі "chp_kz" тобында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/chp_kz

Фото: instagram.com/chp_kz

Көлік салонында түсірілген видео кадрларынан балақайдың рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өткенін аңғаурға болады. Бүлдіршінді артынан әйел қуып жеткенімен, ол қайтадан жүгіріп кетеді. ОСы уақытта жолдан автобус өтеді.

Оқиға Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшесінің қиылысы ауданында болған.

Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлауынша, оқиға 16 сәуір күні орын алыпты.

"Шұғыл тежеу кезінде жолушылар құлап қалған. Балақай жүгіргенде автобус жүргізушісі бірден тежегішті басқан", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Нәтижесінде төрт жолаушы зардап шекті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel