Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марафонда баннерді видеоға түсірген екі адам сот алдына келді (фото)

Опубликовано:

Алматы әкімшілік соты тағы бір алматылық Айгүл Нұрболатованың ісін қарады. Ол да Сүйінбике Сүлейменова сынды баннерді видеоға түсіргені үшін айыпталып жатыр. Бойжеткеннің айтуынша, ол марафонға қатысқан ата-анасын түсіруге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Мен плакат ұстады деген дерекпен келіспеймін. Мен тек видеотүсіріліммен айналыстым. Мен марафонда жүгірген ата-анамды ғана түсірдім. Транспарантты көріп, түсіріп бастадым.
Мен плакатты бүктеген сәтті ғана көрдім. Әл-Фарабидің бойымен келе жатып, тек марафонды түсірдім. Мен әлеуметтік желіде Әсияның оқырманымын, ал Бейбарысты кеше білдім.
Мен ешқандай пикет ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпын. Менің ораторлық өнер мамандығы бойынша жоғары білімім бар, деректі және ойынды фильмдерді түсіремін. Плакаттардың ашылып тұрғанын көрдім, бір минуттан кейін оны жинай бастады.
Мені Әсия мен полицияның диалогы қызықтырған соң видеоға түсіре бастадым. Маған ешкім түсіруді тоқтат деген жоқ", -дейді Айгүл Нұрболатова.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ол Әсияға әлеуметтік желіде жазылғанын, алайда өзінде Әсияның байланыс нөмірі жоқ екенін, оның баннермен шығу туралы жоспарынан бейхабар болғанын алға тартты.

Айгүлдің сөзінше, ол түсірген бейнематериалдарын өшіреді.

Ал сотта сөз алған полицей Айгүл Нұрболатова видео түсіріп жүріп, пикетке белсенді түрде қатысқанын айтты.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Нұрболатованың қорғаушысы істен уақыты көрсетілмеген екі хаттама мен бейнематериалды алып тастау туралы өтініш түсірді. Бұл өтінішті прокурор қолдамады, сот та өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Сондай-ақ, Айгүл Нұрболатова полиция түсірілген материалды өшіргенін мәлімдеді. Бойжеткен фильм түсіріп, фестивальдерге баратынын да айтты.

Прокурор қызды ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша кінәлі деп тануды және Нұрболатова үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады. Судья прокурормен келісіп, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Одан бөлек, сот алдына 1992 жылы туған Айдос Нұрболатов келді. Алайда, Нұрболатовтың қорғаушысы сотқа сенімсіздік танытқан соң үзіліс жарияланды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Одан кейін адвокатқа қарсылық білдіру туралы ресми өтініш дайындауды және сот отырысын келесі күні кейінге қалдыруды өтінуден бас тартқан судья ауыстырылды.

Артынша судьялар бірнеше рет өзгерді.

Судья Нұрболатовқа Әсия Түлесовамен және басқа да ұсталған қала тұрғындарымен пикетке қатысқаны үшін айып тақты. Басқа ұсталғандар сияқты Нұрболатов та өз кінәсін мойындаған жоқ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Іс-шараға қатысушыларды, танысым Әсияны және полиция қызметкерлерін көріп, видеоға түсіре бастадым. Мен ракурстарды таңдап жатқанда полиция қызметкерлері менің қатысушы екенімді айтты", - деді Айдос.

Ол плакаттатарға назар да аудармағанын, тіпті, ондағы жазуларды оқып үлгермегенін жеткізді.

"Мен тек қана түсірдім" , -деді жас жігіт.

"Маған қызбен қалай сөйлескендері ұнаған жоқ. Сол себепті, мен түсіріп алмақ болдым", -деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, прокурор Айдос Нұрболатовты ӘҚБтК-нің 488-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Судья прокурормен келісіп, 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790447-marafonda-bannerdi-videoga-tsirgen-eki-adam-sot-aldyna-keldi-foto/

pixel