RU
Қарапайым адамнан да танымал саяхатшы мысықтар жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қарапайым адамнан да танымал саяхатшы мысықтар жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Мысықтардың балық жеумен қатар, көп ұйықтағанды жақсы көретіні көпшілікке мәлім. Алайда, екінің бірі бұл үй жануарларының саяхаттағанды жаны сүйетінін біле бермейді. Дайкичи мен Фуку-Чан атты мысықтар бұған дәлел болмақ. Олар өз иесімен Жапонияның ең көрнекті жерлерін аралап жүр деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: bigpicture.ru

Коллаж: bigpicture.ru

Мысықтардың саяхаттағанды жақсы көретінін бұрын-соңды естіп көрдіңіз бе? Олардың жайлы жер мен ұйқыны ұнататынын көбіміз білеміз.

Алайда, жаһанды кезіп жүрген Дайкичи мен Фуку-Чан атты мысықтар өздері жайлы қатып қалған стереотипті бұзып, оларда адамдар секілді саяхаттағанды жақсы көретінін дәлелдеп отыр.

Мәселен Дайкичи мен Фуку-Сан иесімен бірге 47 префектура мен Жапонияның мыңнан аса көрнекті жерлерін көріп үлгерген.

Олардың саяхат кезіндегі қызықты сәттерін қожайыны Нагасава суретке түсіріп, желіде жариялап отырады.

Ал мысықтардың саяхаттап жүргеніне көпшілік қатты қызығушылық танытқан.

Осы орайда Дайкичи мен Фуку-Санның иесі желіде фото және видеожазбаларды көбейтіп, бүгінде оның Instagram парақшасына 6800 қолданушы тіркелген.

Нагасава мысықтарды 2011 жылдан бастап, өзімен бірге алып жүре бастаған. Оның айлап үйінде болмауы Фуку-Чанның көңілінен шықпаған. Мысық иесін қатты сағынған екен.

Табиғатынан кекшіл болып келетін мысықтар иесіне қарсылық танытып, өзін агрессивті ұстай бастаған.

Сол себепті, Нагасава оларды Жапониядағы саяхатына өзімен бірге алып кеткен.

Тасымалдауды анағұрлым жеңілдету үшін жас жігіт мысықтар үшін арнайы арба да алып алған.

Ал көрнекті жерлерді аралау барысында ол мысықтарын сөмкесіне салып алады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel