RU
Ерболат Құдайберген атышулы Шырын Нарчаеваны жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерболат Құдайберген атышулы Шырын Нарчаеваны жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Ерболат Құдайберген осыдан біраз уақыт бұрын елді шулатқан Шырын Нарчаеваны жақтап шықты. Әнші "Alem band" тобының клипіне түскен 18 жастағы бойжеткен жайлы пікірін "Хит-Тв" арнасының "Headliner weekend" бағдарламасына айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерболат Құдайберген, Шырын Нарчаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, бойжеткеннің Вконтакте парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерболат Құдайберген, Шырын Нарчаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, бойжеткеннің Вконтакте парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әншінің сөзінше, Шырын Нарчаеваның мінсіздігі үшін барлығы клипке түсіргісі келеді.

"Тамаша қыз! Маған ұнайды. Керемет, әдемі, сүйкімді. Жалпы көзқараспен қарағанда сондай керемет. Сондай қатты көрсеткенін байқамадым. Қолымен әп-едім жауып тұрады. Ал енді оны бейнебаянға әрине кәдімгідей шақырады. Қыздардың өздерінің белде, бұғағында түрлі мәселелер болады.
Ал ол қыз өзінше керемет мінсіз болып тұр ғой. Содан кейін бәрі клипіне қосады. Мен де қосар едім", - деп ағынан жарылды Ерболат Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында жалаңаш денесіне ұлттық әшекей таққан Шырын Нарчаеваның видеосы желіге таралып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
41
7
2
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel