RU
Мадина Сәдуақасова жас әншіні не үшін Қайрат Нұртаспен салыстырғанын түсіндірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мадина Сәдуақасова жас әншіні не үшін Қайрат Нұртаспен салыстырғанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова жас әнші Бауыржан Ретбаевты не себепті Қайрат Нұртаспен салыстырғанын түсіндірді. Өнер иесі жас орындаушыны шоу-бизнестің жарқын жұлдызымен теңестіргені үшін сынаған көпшілікке жауап та берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр, Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бауыржан Ретбаевтың жалқаулығын бетіне басқан Сәдуақасова оған мысал ретінде не себепті Қайрат Нұртасты келтіргенін өзінің Instagram парақшасында түсіндіріп өтті.

"Құрметті өнер сүйер қауым, оның ішінде "Хабар" арнасындағы “ Жекпе-жек" бағдарламасының көрермендері! Күні кеше эфирден Бауыржан Ретбаевтың қатысуымен жартылай финалды тамашаладыңыздар! Бауыржанға: Еңбектен, ізден, тоқтама, өзіңдік стиліңді тап, ән жаз, ұйықтама, жоғалып кетпе" деген сөздерім, тек бұл талант сөнбесе екен деп айтылған. "Қазақстан дауысында" тәлімгерлер, бүкіл қазақстандықтар бұл баланың бағы жанғанын тіледі, барын салды!

Неге қасында тұрған Қайрат Нұртасты мысалға келтірдім, өйткені мен Қайратты да, көптеген қазіргі жастарды мойындаймын, соларға қарап өзім кейде өзімді қамшылаймын! Олар тынбастан еңбектенеді, ән үшін сазгерлер мен ақындардың артынан " қуалап", студиядан шықпайды, халыққа етене жақын болу үшін, аймақтарға жеке концерттермен шығады!

Бауыржанға тек соны айтқым келді! Ал сайыстарға мені әділқазы ретінде шақырды ма, әр алдыма шыққан орындаушыға тек әділ баға беремін, өйткені кезінде мен де солай байқауға бағымды сынауға келген жанмын. Біреудің сағын сындыруға, бағын байлауға, жюри ретінде қателікке сенің хақың жоқ екенін миыма о бастан, кіргізіп қойғанмын!
Біздер әлі күнге дейін, өнердегі үлкен апайларымыздан сын естиміз, көпшіліктің алдында да айтылады, біз шүкір, дейміз! Өйткені, тек жанашыр адам ғана қатты, батырып айтып, бойыңды бір сілкіп, жылатып айтады! Ал сен сол сөздерді қалай қабылдайсың, қандай тұжырым жасайсың өз еркіңде" , - деп жазған Сәдуақасова.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың Бауыржан Ретбаевты Қайрат Нұртаспен салыстырамын деп елден сөз естігенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel