RU
Президенттік сайлау: Бүгін Назарбаев Nur Otan партиясының атынан түсетін үміткерді атайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президенттік сайлау: Бүгін Назарбаев Nur Otan партиясының атынан түсетін үміткерді атайды

Рассказать Вконтакте

Бүгін елордада сағат 11:00 -де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі өтеді. Онда алдағы президент сайлауына партия атынан түсетін кандидаттың есімі белгілі болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Съездегі күн тәртібінде қаралатын бас мәселе - партия атынан Қазақстан президенті сайлауына түсетін үміткердің анықтау.

Кандидаттың есімін партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атайтын болады.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының кезектен тыс XVIII съезі биылғы жылдың ақпан айында өткен еді.

Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 20 жылдағы жұмысын қорытындылап, съезге қатысқан 2000-нан астам делегаттармен жүздескен-ді.

Жалпы бүгінгі съезге Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ге жуық делегат қатысады деп күтілуде. Олар Тәуелсіздік сарайына жиналуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel