RU
Сүйіктісінің құрбысымен көңіл жарастырған жігіт өз ісі үшін өкінетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Сүйіктісінің құрбысымен көңіл жарастырған жігіт өз ісі үшін өкінетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Алмас есімді азамат сүйген қызының құрбысына ғашық болып қалған. Оның айтуынша, бойжеткен жігітті кеудесінен итермепті. Сол себепті екеуі сезімге ерік беріп, көңіл қосқан. Алайда ол бұрынғы сүйіктісін сағынып, оны қайтарғысы келетінін сөз етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: naked-science.ru

Фото: naked-science.ru

Алмастың айтуынша, ол жүріп жүрген қызының құрбысына ғашық болып, сүйіктісін тастап кеткен.

"Гүлнұрдың құрбысын қалай ұнатып қалғанымды өзім де түсінбей қалдым. Бірақ бір-бірімізге бүйрегіміздің бұрып тұратынын білдім.

Ол менің сезімімді білсе де, бетімнен қаққан емес. Көп уақыт өтпестен екеуіміз кездесе бастадық.

Оны ұнатқаным сонша, Гүлнұрдың жанында болғым келмеді. Одан суып кеттім", - дейді жігіт.

Алмас ғашығының сырт келбетіне қарап, мінезіне мүлде назар аудармағанын айтты. Соның салдарынан ұшқалақ мінезді ерке қыздың қылықтары жігітті әбден мезі еткен екен.

"Оның түріне ғана ғашық болыппын. Ол екеуіміз екі түрлі адам екенбіз. Басында өзін басқаша көрсетіп еді, уақыт өте мінезін шығара бастады. Өзі құбылмалы, ренжіп қалуға дайын тұрады. Ал менің көңіліме тіпті қарамайды. Менен басқа түрлі жігіттермен сөйлесетінін біліп қойдым", - дейді азамат.

Жігіттің айтуынша, ол Гүлнұрды тастап кеткеніне өкінеді екен. Ол өзін қадірлейтін, шын жақсы көретін жаннан айырылып қалғанына қынжылады. Сондай-ақ, бұрынғы сүйіктісін қайтарғысы келетінін де айтып өтті.

"Кезінде Гүлнұрды бағалай алмадым. Оған дұрыс қарым-қатынас көрсетпеген екенмін. Ал қазір оның құрбысының көңілінен шығу үшін бәрін істеп жүрмін. Сонда да жақпаймын. Мен өзімді сүйген адамды бағаламай кеткенім үшін өкінемін. Енді не істесем болады? Құрбысын Гүлнұрмен салыстыруды қояр емеспін. Онымен өткен күндерді сағынамын, қайтарғым келеді", - дейді кейіпкеріміз.
Сіздің реакцияңыз
9
5
4
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel