RU
Түркістан облысында 45 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында 45 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 45 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты. Келін түсіріп немере сүйген ананы перзенттерінің көз алдында әкелері пышақтап тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: bryansktoday.ru

Көрнекі фото: bryansktoday.ru

Жұрттың жағасын ұстатқан сұмдық 13 сәуір күні болған. Араққа сылқия тойған ер адам әйелімен балаларының көзінше жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың өзара келіспеушілігі қанды оқиғамен аяқталған. Отағасы үстел үстіндегі асхана пышағын алып, әйелінің бүйіріне сұғып алады.

Ең сорақысы, бұл жағдайға олардың ұлы мен келіні және кіші он жасар баласы куә болған. 25 жастағы үлкен ұлы тіпті әкесіне араша түспек болған. Алайда, отағасы туған баласын да оңдырмай, оның жауырына пышақ салды.

Мұнысымен қоймай, азамат үйден қашып шыққан ұлының соңынан қуып, оны аулада күрекпен ұра бастайды. Ашуға булыққан әкені көршісі тоқтатқан.

Әйелі мен ұлына пышақпен шабуылдаған ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Алған аса ауыр жарақаттары салдарынан келіншек ауруханада көз жұмды. Күдіктіні тәртіп сақшылары сол күні ақ қолға түсірген.

"Қазығұрт аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың жансақтау бөліміне пышақ жарақатымен әйел кісінің түскендігі туралы хабарлама келген. Тәулік ішінде әйел тілге келмей қайтыс болған.
Күдікті ретінде әйелдің күйеуін полицейлер құрықтады. Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel