RU
Назарбаев: Қазақстандықтар менің алдағы сайлауға түсуімді сұрауда
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Қазақстандықтар менің алдағы сайлауға түсуімді сұрауда

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға өзіне білдіріп жатқан асқан махаббаты мен ыстық лебізі үшін алғыс айтты. Сайлау қарсаңында көпшілік Елбасыға өтініш хат жолдап, одан президенттікке үміткер болуын сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: newvz.ru

Фото: newvz.ru

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды>>>

Назарбаев Тоқаевтың кандидатурасын не себепті ұсынғанын мәлімдеді>>>

Назарбаевтың Nur Otan съезінде сөйлеген сөзінің толық видеосы жарияланды>>>

"Мен біздің азаматтардан көп хат алып жатырмын. Олардың көпшілігі үшін менің президент қызметінен кету туралы шешімім күтпеген жағдай болған. Қазақстандықтар менің сайлауға түсуімді сұрауда.
Мен адамдардың алаңдаушылығы мен сөзінің астарын түсінемін. Олар осы жылдарда күшейе түскен тұрақтылық пен барлық этностар мен діндердің теңдігін қалайды", - деді Елбасы.

Назарбаев қазақстандықтарға өзіне деген ізгі қарым-қатынасы үшін алғысын білдірді.

"Маған білдіріп жатқан осындай махаббат пен осындай қарым-қатынас үшін басымды иемін. Мен адамдардың алаңдаулы екенін білемін. Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаевты барша қазақстандықтардың тең құқығы мен достық саясатын ұстанатын бірден-бір адам деп мәлімдеймін" , - деді Назарбаев.

Елбасы өзіне заманауи Қазақстанды құру мәртебесі бұйырғанын алға тартты.

"30 жыл бойы Қазақстан маған жоғары лауазымды қызметті сеніп тапсырды. Мен өзіме заманауи Қазақстанды сіздермен бірге құру мәртебесі бұйырғанын мақтан тұтамын.
Қандай қиын кезеңдер болмасын, менің халқым әрдайым маған және менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, соңымнан ерді. Соның арқасында біз көптеген жетістіктерге жеттік. Мен өз халқыма деген алғысым шексіз" , - деп сөзін қортындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel