RU
Назарбаев Тоқаевтың кандидатурасын не себепті ұсынғанын мәлімдеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Тоқаевтың кандидатурасын не себепті ұсынғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын не себепті ұсынғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Елбасы өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіз Қазақстан тарихында өзінің жанынан табылған, жауапкершілігі мол жақтасы екенін атап өтті.

"Екі апта бұрын Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Көп жылдан бері онымен иық тіресіп жұмыс істеп келе жатқандықтан, оны басты приздент сайлауынан түсетін кандидат деп есептеймін", - дейді Назарбаев.

Сондай-ақ тұңғыш президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тәуелсіздік жылдары ел үшін сіңірген еңбегіне тоқталып өтті.

"Тоқаевтың тәуелсіз Қазақстанға қандай еңбегі сіңгенін баршаңыз білесіздер. Қасым-Жомарт Кемелұлы көп жылдар бойы еліміздің Сыртқы істер министрлігін басқарды. Оның дипломатиялық тәжірибесіне БҰҰ-да жоғары баға берді. Сол сияқты 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарасынан кейін, ел экономикасының қайта тік тұруына атсалысты.
Ол ел билігінде болған сәтте Қазақстанда бірақатар маңызды реформалар жасалып, 2000 жылдары тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі өз жұмысын бастады. Ол сондай-ақ менің ұлттық қор құру туралы идеяма да қолдау көрсетті. Осы жылдар бойы маған сенімді серік бола білді. Сондықтан алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасы лайық деп ойлаймын", - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, Nur Otan партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына партия атынан түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel