RU
Жақсылық Үшкемпіров: Біз жанжалы емес, арманы көп халықпыз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жақсылық Үшкемпіров: Біз жанжалы емес, арманы көп халықпыз

Рассказать Вконтакте

Бүгін Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп жатыр. Онда бірақатар қоғам қайраткерлері мен мәжіліс депутаттары, партия мүшелері сөз сөйлеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақсылық Үшкемпіров. Фото: Отырар арнасы

Жақсылық Үшкемпіров. Фото: Отырар арнасы

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды>>>

Назарбаев Тоқаевтың кандидатурасын не себепті ұсынғанын мәлімдеді>>>

Назарбаевтың Nur Otan съезінде сөйлеген сөзінің толық видеосы жарияланды

Елбасының алдында сөз сөйлегендердің арасында қазақ елінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те сөз алды. Ол алдағы сайлауға қатысты өз ойын ортаға салды.

"Сонау 1980 жылы Мәскеуден алтын алқа тақтым. Қазір мал шаруашылығын жандандыруға өз үлесімді қосып келемін. Жақында ғана өз қолыңызбен Қазақстанның Еңбек Ері атағын табыс еттіңіз. Әлем таныған заңғар тұлғасысыз, ел сүйген Елбасысыз. Айбынды атағыңызбен шын жүрегіммен құттықтаймын", - деді ардагер спортшы.

Белгілі спортшы алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беруге шақырды.

"Сіз ұсынған кандидат Тоқаевты бірауыздан қолдаймыз. Біз жанжалы емес, арманы көп халықпыз. Нұр Отан партиясының ұйғарымы ол халықтың ұйғарымы деп білемін", - деді спортшы.
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel