RU
Тоқаев кандидатқа қойылатын талаптарды нақтылау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев кандидатқа қойылатын талаптарды нақтылау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінді

Рассказать Вконтакте

2019 жылғы 23 сәуірде Конституциялық Кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады деп хабарлайды Кеңестің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Айқын газеті

Фото: Айқын газеті

Өтініш беруші Республика президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұрайды.    

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.    

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel